print

Құрметті аудан тұрғындары!

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысымен бекітілген "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында "Қазақстанның тұрғын үй құрылысы жинақ банкі" АҚ-ы әлеуметтік санаттағы кірісі төмен отбасыларына төмен пайыздық несиемен тұрғын үй сатып алуға "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысу үшін 2020 жылдың 10 наурызынан 13 наурызына дейін құжаттар қабылдау басталады.

«Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасының басты талаптары:

         Бағдарламаның шартына сәйкес, үш категория бойынша әлеуметтік аз қамтылған мына отбасылар кіреді:

         1) 4 және одан көп баласы бар отбасылар (кәмілетті жастан асқан 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар да көпбалалы отбасыға жатады)

         2) Бір немесе одан да көп бала бағып отырған жалғызбасты әке немесе ана (ресми ажырасқан уақыты 3 жылдан асқан болса).

         3) Мүмкіндігі шектеулі бала асырап отырған отбасы

         Аталған бағдарламаға қатысу үшін міндетті түрде тұрғын үйге мұқтаждар кезегінде болуыңыз қажет.       

         Жолдама алу үшін тапсыратын құжаттар:

         - отбасыңыздың дәрежесін анықтайтын құжат;

         - кәмілеттік жастан асқан отбасы мүшелерінің төлқұжаты, балалардың туу туралы куәлігі;

         - неке қию немесе некені бұзу туралы куәлік;

         - әр отбасы мүшелеріне жылжымайтын мүліктін бар/жоғы туралы анықтама.

         - соңғы 6 айдағы табысыңызды растайтын құжат.

         Жолдама алу үшін өтініштерді қабылдайтың мекен-жай:

         Шет ауданы, Ақсу-Аюлы а., Шортанбай жырау көшесі №24, 1 қабат ТКШ ЖК АЖ ТҮИ бөлімі.

         Анықтама телефондары: 21989, 22183, 21183


Келулердің саны: 104


Жоғары