print

Қазақ күресінен ересектер арасында «Шет ауданының Барысы» атты аудандық іріктеу турнирі өтті

Турнир 2019 жылдың 30 наурыз күні С.Сейфуллин кентінің спорт кешенінде сағат 10-00 де басталды.

Жеңімпаздармен жүлдегерлер Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы грамотасымен, медальдарымен және бағалы сыйлықтармен, марапатталды. Турнирге С.Сейфуллин кенті, Үңірек, Босаға, Киікті, Төменгі Қайрақты, Бұрма, Ақсу-Аюлы ауылдарынан, жалпы турнирге 7 команда, 51 спортшы қатысты.

«Шет ауданының Барысы» атты аудандық іріктеу турнирінде 1 орын алған спортшылар 25-26-27 сәуір күндері Ұлытау ауданында өтетін «Сарыарқа Барысы» атты қазақ күресінен облыстық турнирге жолдама алды.

Қазақ күресінен ересектер арасында «Шет ауданының Барысы» атты аудандық іріктеу турнирінің ашылу салтанаты сағат 12-00 де басталды. Қазақ күресінен ересектер арасында «Шет ауданының Барысы» атты аудандық іріктеу турнирінде құттықтау сөз С.Сейфуллин кентінің әкімі Балғабек Абылай Құмжолұлына, кент ақсақалдар кенесінің төреғасы Әбеуов Төлепберген, Ақсу-Аюлы ауылының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Сағындық Қанат Аматайұлына сөз берілді.


Келулердің саны: 834


Жоғары