print

"Сарыарқа - адалдық алаңы" жобасы аясында облыстағы алғашқы ашық әкімдік Шет ауданында құрылды

...

"Сарыарқа - адалдық алаңы" жобасы аясында облыстағы алғашқы ашық әкімдік Шет ауданында құрылды

 Жуырда аудан тұрғындары аудан әкімінің жеке қабылдауында болып көкейкесті мәселелерін жеткізді. Сұрақтардың басым көпшілігі тұрғын үй, әлеуметтік көмек төңірегінде қойылып, сұраныстарға мүмкіндігіне қарай көмек көрсетіліп, тиісті жауаптары берілді. Сонымен қатар, Қарағанды облысы әкімдігі және ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Агенттігінің Қарағанды облыстық департаментінің қолдауымен, Шет ауданы әкімдігінің бастамасымен, «Ашық әкімдік» бөлмесі жабдықталып, алғаш рет қабылдау жүргізілді. Қабылдауға Ақсу – Аюлы ауылының зейнеткер тұрғындары, батыр аналар Г.Жонкина мен Т.Секербаева келіп, өтініш сұрақтары назарға алынды.

       Бұл жайында аудан әкімі М.Жандәулетов «Шет ауданы әкімдігінде «Сарыарқа - адалдық алаңы» жобасы шеңберінде «Ашық әкімдік» ашылған болатын. Осы уақытқа дейін азаматтарды үшінші қабаттағы мәжіліс залында қабылдап келсек, алдағы күндерде жеке азаматтар үлкен кісілер болатын болса, төменгі қабаттағы «Ашық әкімдік» бөлмесінде қабылдайтын боламыз. Бұл үлкен кісілерге, әсіресе мүгедек топтағы азаматтарға жеке пікірлесуге, сұрақтарын қоюға өте қолайлы. Себебі, осы «Ашық әкімдік» арқылы жоғарыға көтерілу қажет емес, қабылдауға келген азаматтарды төменнен тиісті адамдар күтіп алады. Өткен аптада азаматтарды бірінші қабаттағы мәжіліс залында қабылдадық. Оның ішінде мүгедек арбамен жүретін азаматтар да болды. Ол кісілер жоғарғы қабатқа көтеріле алмас еді. Бүгін де екі апамызды қабылдап, қойған сұрақтарын бақылауға алдық. Жылдың аяғына дейін көтерілген мәселелер шешілетін болады. Ал, ауыл елді – мекендерден келген азаматтарды кестеге қарамай қабылдай береміз» - деген болатын.

Осы орайда ауданға жұмыс бабымен келген «Сарыарқа - адалдық алаңы» жобасының басшысы Кусенбаева Малика Манатқызы «Ашық әкімдік» қабылдауын көріп, жағдаймен танысты. Және де аудан әкімдігінің үшінші қабатындағы мәжіліс залында аудан жастарымен кездесу өткізіп, жоба аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында мағлұмат беріп, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, ауданымыздағы «Жұмыспен қамту орталығына, «Ы.Алтынсарин, Ж.Ақылбаев атындағы мектеп гимназияларына аудан әкімі аппараты қызметкерлерімен бірлесе барып, жоба шеңберінде атқарылған шараларға куә болды. «Сарыарқа - адалдық алаңы» жобасы аясындағы «Жұмыспен қамту орталығының» ішіндегі ақпараттық стендттермен, және де мектеп ішіндегі жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысып, мектеп басшылығының қолға алуымен ашылған «Адалдыл дүкені» бұрышын тамашалап, аталмыш мектеп ұжымы бүгінгі ұрпақты адалдыққа, адамгершілікке баулу мақсатында ашылған осындай игі бастамалар туралы толық мәліметтер жеткізді.

 

 


Келулердің саны: 795


Жоғары