print

Әлем - ананың алақанында

...

      "8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні" мерекесіне орай, шұғылалы Шет ауданының мәдениет үйінде "Әлем ананың алақанында" атты мерекелік концерт өткізілді. Көктемгі көңіл - күймен,күмбірлеген әуезді әнмен басталған мерекелік шараны аудан әкімі М. Жандәулетов құттықтау сөзімен ашып, Ақсу - Аюлы ауылының тұрғыны, жеті бала тәрбиелеп өсірген ардақты ана Г.Жүнісоваға "Алтын алқа" медалын салтанатты түрде тарту етіп, еңбек ардагері Н.Рахметова, жеке кәсіпкер Ш.Қосылбекова , аудандық орталық аурухананың лаборант дәрігері Ф.Бейсенбаева, аудандық полиция бөлімінің қаржымен қамтамасыз ету тобының жетекші маманы А.Балтабаеваны аудан әкімінің "Құрмет грамотасымен және аудан әкімі аппаратының техникалық қызметкері Қ.Ярова, аудандық соттың техникалық қызметкері Н.Бейсекова, Ақадыр кенті ауруханасының медбикесі Ж.Ахметбекова, ауданның полиция бөлімінің көші - қон қызметі тобының жетекші маманы С.Аркенова ,аудандық білім бөлімінің қызметкерлері Г.Асылбекова мен Р.Мұқашеваны аудан әкімінің "Алғыс хатымен" марапаттап, сый - сияпаттар табыстады. Марапаттау рәсімінен кейін көрермендер залындағы аналарға аудан әкімі атынан гүл шоқтары тапсырылды. Кеш барысында аудандық мәдени - сауықтыру орталығының өнерпаздары әуелеген әсем әндер шырқап, нәзік жандыларға мерекелік қуаныш сыйласа, ҚР. еңбек сіңірген әртісі "Құрмет" орденінің иегері, танымал әнші Бағдат Самединованың арнайы келіп, аудан жұртшылығын осынау мерейлі мейраммен құттықтаған ән шашулары кештің шырайын кіргізіп,өнерсүйер қауымның көңілін бір серпілтіп тастады. Және де аудан әкімдігі жанындағы аналар кеңесінің мұрындық болуымен аудандағы батыр аналармен көп балалы, аз қамтылған 90 анаға мерекелік сыйлықтар берілді."Анаға құрмет - жалпыға міндет" деген қағиданы ұстанған мерекелік шара соңыңда Ш. Қалдаяқовтың "Ана туралы жыр" әнің өнерпаздар мен жиылған көпшілік қосыла шырқады. Кіршіксіз құрмет пен үлгілі ілтипатқа мейманасы тасып, мәртебесі биіктеген әйелдер қауымы ауданның барша ер азаматтарына ризашылығын білдіре тарасты.

      Осынау шырайлы шарадан кейін аудан әкімі М. Жандәулетов 90 жастан асқан тыл ардагері К.Қанафинаның үйіне барып, қазақы дәстүрмен иығына камзол жауып, құрмет көрсетті.Сонымен бірге "Алтын Алқа" иегері Ж.Жүнісованың отбасына азық - түлік апарып,ардақты анаға гүл шоқтары мен бағалы сыйлығын тарту етті.  

 

                                                                                                 Шет ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

 

 

 


Келулердің саны: 603


Жоғары