print

Аудан әкімі Ақой ауылының тұрғындарымен кездесті

...

         Жуырда аудан әкімі М.Жандәулетов Ақой ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп қайтты. Кездесу ауыл тұрғындарының электр энергиясы бойынша жазған өтініштері негізінде өткізілді. Осы көтерілген мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары М.Мұхтаров, "Шет-Энерго" ЖШС-нің директоры Қ.Әміров қатысып, тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға тиісті жауаптары берілді.

Ауыл тұрғындарымен пайымды пікір алмасып, емін - еркін әңгімелесу түрінде өткізілген кездесуде, әр тұрғын маңайындағы электр бағаналары мен тоқтарына кедергі келтіретін келеңсіз жағдайлардың алдын алуға, талдарды кесуге, электр есептеуіш құрылғыны мерзімі жеткеннен кейін уақытынан асырмай ауыстыруға жауапты екендігі айтылып, алдағы уақытта құрылған жұмыс жоспарлары талқыланды. Кездесу барысында ауыл тұрғындары кейінгі жылдары округ бойынша оң өзгерістердің байқалатының жеткізді. Ауылда жаңа мешіт салынып, электр жарығымен үздіксіз қамтамасыз етіліп келеді. Таяу жылдары ауданымызда біршама жұмыстар атқарылды, оның ішінде Ақой ауылының даму деңгейінің көтерілгеніне тоқталған аудан әкімі М.Жандәулетов кейінгі уақыттарда атқарылған және жоспарланған жұмыстары жайында ауыл тұрғындарымен бөлісті.

         "Ақой ауылы бойынша кейінгі жылдардың өзінде ауылдық мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізіліп, былтырғы жылы жылу қазандығы ауыстырылды. Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаржыға орталық көшеге 42 жарық шамдары орнатылды. Ал, биылғы жылы саяси қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш орнатылып, маңайы абаттандырылатын болады. Жол мәселесі де басты назарымызда. Ауылдың ішкі көше жолын жөндеуден өткізу үшін округ әкімінен сұраныс түсіп отыр, қаржының мүмкіндігіне қарай бұл мәселенің де шешу жолдарын қарастыратын боламыз" - деп сөзін түйіндеген аудан әкімі, әрбір ауыл азаматының пікірі мен ұсынысы назарға алынып, қаралатынын жеткізді.

                                                     Аудан әкімінің баспасөз хатшысы.


Келулердің саны: 202


Жоғары