print

Еселі еңбектің есебі беріліп, елеулі ұсыныстар мен өзекті мәселелер назарға алынды.

...

Аудан әкімі Марат Жандәулетовтың ауданның 2018 жылғы әлеуметтік–экономикалық даму бағдарламаларының орындалысы және 2019 жылы алда тұрған міндеттер туралы аудан халқы алдында қорытынды есеп беру кездесуі өтті. Кездесуге Қарағанды облысының ветеринария басқармасының басшысы Тұрсынбеков Қайырбек Серікұлы, аудандық Мәслихат хатшысы Төлеуқұлов Бәкен Төлеуқұлұлы және аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, ауданның бөлім басшылары, ауыл ақсақалдары, ауылдық округтер мен кенттер әкімдері және қоғамдық бірлестіктер мүшелері, кәсіпорын басшылары мен шаруашылық құрылымдарының жетекшілері, жас кәсіпкерлер мен аудан тұрғындары қатысты. Сонымен қатар есептік кездесу аудан әкімі аппаратының ресми сайты арқылы онлайн - трансляцияда жүргізілді. Есеп беру кезіңде жұртшылықтың өзіндік ой - пікірлерін іркілмей айтуларына, еркін тұрғыда хабарламаларын жеткізулеріне барлық жағдай туғызылды.

        Қорытынды баяндама Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларынан туындайтын міндеттерді орындаудан бастау алып, аудан әкімінің атқарылған жұмыстар мен алдағы уақыттағы жоспарлары көрсетілген баяндама тыңдалынып, аудан көлеміндегі азаматтар мен ел ағаларына сөз берілді. Ел ағаларының лебізі мен ұсыныстарынан кейін, аудан тұрғындарының, есеп беру кездесуіне алдын-ала қойылған жәшіктерге түскен сауалдары мен ауызша сұрақтарына жауап берілді. Жергілікті тұрғындар сұрақтарының басым бөлігі әлеуметтік сипатта қойылып, аудан әкімі және тиісті мекеме басшылары тарапынан түсінік жауаптары берілді.

        Кездесуді қорытындылаған аудан әкімі Шет ауданы 2018 жылы Қарағанды облысының қалалары мен аудандары арасындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының рейтингісі бойынша 3 орынды иеленгенін жеткізіп, осы жетістікке жетуге ауданның барлық сала мамандарының еңбегі зор екендігін айтып, алғысын білдірді. Және де алдағы уақытта күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бақылауға алынып жұмыстар жүргізілетін болады - деп түйіндеді.

 

 

                                                                                                                                 Аудан әкімінің

                                                                                                                                баспасөз хатшысы:

                                                                                                                                Б.Д. Амангельдинов


Келулердің саны: 556


Жоғары