print

Ақадыр ауруханасындағы айрықша күн!

...

Аудан әкімі Марат Жандәулетов Ақадыр селолық ауруханасындағы салтанатты шараға қатысып қайтты. Елбасымыздың "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламасының "Туған жер" жобасы аясында, жерлесіміз,белгілі меценат, "Astana Group" компаниясының басшысы Нұрлан Смағұлов мырзаның ықпалымен Ақадыр селолық ауруханасына Болат Өтемұратовтың қайырымдылық қоры арқылы жалпы құны 55 млн теңгені құрайтын толық жабдықталған реаномобиль және заманауи үлгідегі медициналық құрылғылар тарту етіліп, 5-і ақпан күні салтанатты түрде табыс етілді. Атап айтатын болсақ, ауруханаға 42 млн теңге тұратын MERCEDES - BENS SPRINTER 315 базасындағы, 898 мың теңге тұратын Ғetus BҒM - 900 феталдық монитор, 4 млн 300 мың теңге тұратын хирургиялық құралдар жиынтығының 2 комплексі, 6 млн 346 мың 480 теңге тұратын Віо Сһеm 12 айға реагентермен бірге ҒС -120 автоматты биохимиялық қан талдауышы, 1 млн 880 мың теңге тұратын "Аtom MedіcaI Corpotion» өндірісінің BILI – THERAPY Spot Type фототерапия аппараты салтанатты жағдайда табысталды. Аталмыш шараны аудан әкімі Марат Жандәулетов құттықтау сөзімен ашып, Республика көлемінде медицина саласының сапасын арттыру мәселесі , материалдық – техникалық базасын нығайту жұмыстары Елбасымыздың жыл сайынғы Жолдауларында ерекше мән берілуімен қолға алынып жатқанын айрықша атап, кейінгі жылдары аудан бойынша 6 дәрігерлік амбулатория салынғанына, былтырғы жылы осы Ақадыр селолық ауруханасына облыстық бюджеттен 22 млн теңге көлемінде заманауи үлгідегі медициналық құрылғылар табысталғанына, осындай жұмыстар барлық ауылдық округтерде, елді мекендерде жүйелі түрде өз жалғасын тауып жатқанына тоқталып өтті. Белгілі кәсіпкер, меценат Болат Өтемұратовтың жеке қоры арқылы республика көлемінде өткізілген көптеген игі шаралардан түскен қаржы ауылдық жерлердегі медицина мекемелерінің материалдық – техникалық базасын жақсартуға бағытталғанын тілге тиек етті. Осынау халық қуанышына құтты – қайырлы болсын айтқан аудан әкімі: «Болат Өтемұратов» қорының директоры Марат Айтмағанбетовке және белгілі меценат, жерлесіміз, “Astana Group” компаниясының басшысы Нұрлан Смағұловқа кент тұрғындары атынан алғыс айтып, осы сыйға тартылған реаномобиль және құрал-жабдықтар тұрғындардың денсаулығын нығайтуға септігін тигізсін, - деген игі тілегін білдірді. Сонымен қатар, шарада аудан әкімдігі мен аудандық мәслихат атынан айтулы қайырымдылық қордың директоры Марат Айтмағанбетовке Алғыс хат табысталып, ауданның аты жазылған естелік мүсін сыйға тартылды. Және де шара барысында «Болат Өтемұратов» қайырымдылық қорының директоры Марат Айтмағанбетов Ақадыр селолық ауруханасының бас дәрігері Есенжол Жазыбаевқа Реанимобиль көлігінің кілтін салтанатты түрде табыстады.

 

 

«Астана моторс» компаниясының өкілі Смағұлов Марат осынау қайырымдылық шарасына атсалысқан азаматтарға жүрекжарды лебізін білдірсе, Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұртас Кәріпбаев: Марат Айтмағанбетовке және Нұрлан Смағұловқа облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының атынан алғысын жеткізіп, «Астана моторс» компаниясының өкілі М.Смағұловқа Алғыс хат табыстады. Ұзақ жылдар бойы Ақадыр және Шет аудандарының санитарлық эпидемиологиялық басқарма басшысының қызметін атқарған медицина саласының ардагері Қадыр Мұқашев өз кезегінде сөз алып, барша ағайынға зор алғысын айтты. Шара соңында аудан әкімі облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері және аудан басшыларымен бірге аурухана ішіндегі аталған медициналық құрал-жабдықтарды көріп, танысты. Ақадыр селолық ауруханасының директоры, бас дәрігер Есенжол Жазыбаев пен аталмыш аурухана дәрігерлері аталған заманауи үлгідегі медициналық құрал-жабдықтардың қуат күші, мүмкіндіктері, ерекшеліктерімен таныстырып, біздің ауруханаға осындай «Реаномобиль» көлігі өте қажет еді, бүгін оған қолымыз жетті. Ендігі сырқаттарға жедел жәрдем көмегін бере отырып, тасымалдауға мүмкіндік алдық, - деп белгілі меценат, жерлесіміз, “Astana Group” компаниясының басшысы Нұрлан Смағұловқа және «Болат Өтемұратов» қайырымдылық қорының директоры Марат Айтмағанбетовке қуанышқа толы алғыстарын білдірді.

Ел игілігіне, аудан тұрғындарының денсаулығын жақсартуға бағытталған мұндай берекелі бастамалар мен қайырымға толы шуақты шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

 

                                                                                                                            Аудан әкімінің баспасөз хатшысы:

                                                                                                                           Б.Д. Амангельдинов


Келулердің саны: 221


Жоғары