print

...

 

Құрметті интернет желісінің оқырмандары!

Шет ауданы әкімдігі сайтының қонақтары!

 

 

Шет ауданындағы жергілікті мемлекеттік басқарудың ресми Web-сайтына қош келдіңіздер!

Шежірелі Шет ауданы ежелден жер көлемі мен барлық сала бойынша алдыңғы қатарда тұрған өңіріміздегі ауқымды аудандардың бірі болып саналады.

Ауданымыз бойынша жыл сайын түрлі инвестициялық бағдарламалар жүзеге асырылып, ауыл шаруашылығы саласы, ірі көлемдегі құрылыс жұмыстары, шағын және орта кәсіпкерлік, сондай – ақ абаттандыру және әлеуметтік салаларда қол жеткізген жемісті нәтижелеріміз мен алға қойған мақсаттарымыз жетерлік.

Ел Президенті К.Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты мақаласы аясында елімізде іске асырылып жатқан игі істер мен ауқымды бастамалар ауданымызда өз жалғасын табуда.

Бүгінгі қоғамға сай дамыған технологиялар ғасырында, ресми Интернет-ресурстың құрылуы - мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру үшін «электронды үкімет» бағдарламасын жүзеге асырудағы негізгі қадам болмақ.

Сіздер бұл сайт беттерінен Шет ауданының мемлекеттік мекемелерінің аудан көлеміндегі қызметі жайында, әлеуметтік-экономикалық процесстер, қоғамдық саяси жағдайлар, ауыл шаруашылық, мәдениет, спорт, білім, денсаулық сақтау секілді тағы да басқа маңызды салалардағы аудандық бағдарламалардың жүзеге асырылу жолдары жайлы біле аласыздар. Аудан мен аудан қызметтері туралы қажетті ақпараттарды алумен қатар, әр түрлі жаңалықтармен және елімізде болып жатқан оқиғалармен дер кезінде танысуға да толық мүмкіндіктеріңіз бар.

Сонымен қатар, көкейіңізде толғандыратын кейбір мәселелер немесе жеке талап - өтініштеріңізді жеткізуге, өз тарапыңыздан білдірген сауалдарыңыз бойынша тиянақты жауап ала аласыздар.

Әкімдіктің ресми сайты көпшілік тұрғындардың ой-пікірлерін қатерге алып, ауданның алға басуына қызмет ететініне сенімдімін.

Біз Қарағанды облысының және тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі үшін өзара тиімді қарым-қатынас жасауға әзірміз.

 

                                                                                                                  Құрметпен, Шет ауданының әкімі          

                                                                                                                                       Мұхтаров Мұхит Сайлауұлы!

 

Өмірбаян


Келулердің саны: 523850


20.03.2020

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы ХҚКО-лар жаңа жұмыс тәртібіне көшті

...

Карантин жариялануына байланысты Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс режимін өзгерту туралы шешім қабылданды. ХҚКО көрсететін қызметтер саны қысқартылады. Азаматтар онлайн ұсынылмайтын қызметтерді ғана ала алады. Осымен бірге, еліміздегі барлық ХҚКО сағат 17:00-ге дейін…

20.03.2020

Челлендж

...

Қарағанды облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" филиалының фронт-кеңселерінің қызметкерлері қазақстандық дәрігерлерден челленджді қабылдап алды. Қолдарына "Мен сіздерге жұмыста қалдым. Сіз маған үйден онлайн қызмет аласыз!"ХҚКО мамандары тұрғындарды үйде қалуға және адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға…

18.03.2020

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫ

...

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында заманауи тиімді мемлекет, азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қарқынды дамыған және инклюзивті экономика…

18.03.2020

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА БЖЗҚ сұраусыз қалған 675 мың шоттың иелерін тапты

...

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметкерлері 2019 жылы сұраусыз қалған 675 мың зейнетақы шоттарының иелерімен байланыс орнатты. Бұл бір жыл және одан да көп жылдардан бері жарна түспеген «ұйқыдағы» шоттар. Олардың қатарында өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, жұмыссыздар, сондай-ақ зейнетақы жарналарын…

18.03.2020

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2020 жылдың ағашқы айында БЖЗҚ салымшыларына 1,5 миллионнан астам қызмет көрсетілді

...

2020 жылдың 1 ақпанына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында салымшылар мен алушыларға қызмет көрсету аясында жыл басынан бері 1 551 766 операция орындалды. Оның басым бөлігі, яғни 80,4 пайызы (1,25 млн) электрондық форматта жүзеге асырылды. 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім - 2 пайыз…

18.03.2020

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2020 жылдың қаңтарында БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары 97 миллиард теңгеге көбейді

...

2020 жылдың 1 ақпанына қарасты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының негізгі көрсеткіштері   2020 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша барлық негізгі көрсеткіштер былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда оң сипатқа ие. Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10,9 триллион теңгені құрап, бір жыл ішінде 16…

18.03.2020

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Алты миллионнан астам салымшы БЖЗҚ-дан үзінді көшірмені онлайн тәртібінде алады

...

Зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары арасындағы ең танымал қызмет. 2019 жылы бұл қызмет 14 миллионнан астам рет пайдаланылған. Еске сала кетелік, БЖЗҚ салымшылары жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені шот ашылған күннен бастап сұрау салған кез келген күнге…

18.03.2020

Шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын қалай алуға болады?

...

Қазақстаннан басқа елдерге тұрақты тұруға кеткен бұрынғы отандастарымыздың көпшілігін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарын қалай алуға болатындығы мазалайтыны белгілі. Айта кету керек, жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) есепке алынатын жинақ ақша салымшының меншігі болып табылады және салымшы келіп…

18.03.2020

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Ерікті зейнетақы жарналары – төлеу оңай!

...

БЖЗҚ салымшылары ерікті зейнетақы жарналары есебінен жасалған шарт бойынша жарналарды электрондық әдіспен қалай төлейді? Соңғы уақытта Қазақстан азаматтары ақшасыз аударымдар жасау барысында әр түрлі банк қосымшаларын жиі пайдалануда. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бұл үрдістен қалыс қалмай, өз қызметтерін ә…

18.03.2020

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы 100 мың теңгеден асты

...

2020 жылдың алғашқы айында Қор салымшыларына 17,9 миллиард теңге төленді   2020 жылдың алғашқы айында 146 мыңнан астам алушы үшін зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 17,9 млрд теңгені құрады. Оның ішінде: - зейнет жасына толуға байланысты – 7,4 млрд теңге; - Қазақстаннан…


Жоғары