print

Reports of akim

Шет ауданының әкімі Р.Әбдікеровтің 2015 жылғы жұмысы туралы аудан тұрғындары алдындағы есебі  (файл docx - 0.2 mb)

 

Шет ауданы әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру кездесулерінде айтылған ұсыныс, пікірлер, өтініштерді жүзеге асыру бойынша құрылған іс-шаралар

ЖОСПАРЫ және ОРЫНДАЛЫСЫ

Сұрақты қойған адамның аты - жөні, сұрақтың мәтіні

Қойылған ұсыныс, пікірлерді жүзеге асыру бойынша іс - шаралар жоспары

Орындалу мерзімі

Орындауға жауаптылар

Орындалысы

  1.  

Рахимберлин Саят -"Бурабай" шаруа қожалығының жетекшісі, Нұраталды ауылының тұрғыны

Көктемгі су тасқыны кезінде өткен жылы абыр - сабыр болып қалдық, заттарын да ұмытып кеткендер бар. Алдағы уақыттарда жедел хабар беретіндей етіп төтенше жағдайды естірту немесе белгілі бір хабарландыру техникасын орнатып берсеңіздер.  

Елді мекендер бойынша қажетті қаржы көлеміне бюджеттік сұраным әзірлеп, комиссия отырысына ұсынылсын.

06.06.2016 дейін

Аудан әкімінің орынбасары (Б.Төлеуқұлов)

 

Аудандық бюджеттен 3 млн. теңге қаржы қаралып, су алу қауіпі бар немесе ықтимал деген 8 елді мекенге дабыл бергіш аппарат орнатылды.

  1.  

С.Қамбар - Ақжал кентінің ақсақалдар ұйымының төрағасы Ақжал кенті

Бүгінде кенттегі спортшыларымыз облыстық деңгейде алдыңғы орындардан көрініп жүр. Жас өрендерді спорттың әр түрімен айналысуға көптеп баулу үшін хоккей кортын салып беруіңізді сұраймыз.  

 

Көп салалы хоккей кортын орнату бойынша қаржы көлемі анықталсын. Қаржының мүмкіндігіне қарай ұсыныс берілсін.

10.09.2016 дейін

Ақжал кентінің әкімі

(Н.Нұрмағамбетов)

Ақжал кентінде 2016 жылдың тамыз айнда құны 6 млн. теңге тұратын көп салалы футбол, хоккей корты салынып, пайдалануға берілді.    

  1.  

И.Жекебаев - Ақадыр кентінің ақсақалдар алқасының мүшесі

Осы жылы кенттегі көшелердегі жолдарды орташа жөндеуден өткізуге қаржы қаралса?  

Жобалау сметалық құжаттарын әзірлеу және жоғарғы деңгейдегі бюджеттерден қаржыға сұраныс жолдансын.  

10.09.2016 дейін

 

Ақадыр кентінің әкімі (А.Сембаев)

 

 

 

  1.  

А.Смет - Ақадыр кентінің ақсақалдар алқасының мүшесі Келешек жастардікі, жастардың демалатын, рухани байлық алатын кенттегі жалғыз Мәдениет ошағына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе деген тілегіміз бар.

 

Бюджеттік комиссия отырысына ұсыныс берілсін.

06.06.2016 дейін

 

Ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

(А.Карибеков)

 

Мәдениет үйінің ішіне 2014 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ағымдағы жылы 6 млн. теңгеге ғимараттың маңайы абаттандырылса,

4,4 млн. теңгеге қасбеті қапталды.

  1.  

Б.Оразбекова - мұғалім, Үңірек ауылының тұрғыны

Шет орта мектебі 1974 жылы қосалқы жолмен салынған, сол уақыттан осы күнге дейін бірде бір рет күрделі жөндеуден өтпеді. Шатыры тозған, жылу жүйесі сын көтермейді. Терезелер совет дәуірінен келе жатыр. Осы жұмыстарға қаражат бөлінсе деген сауалымыз бар.

 

Бюджеттік комиссия отырысына ұсыныс берілсін.

20.08.2016 дейін

 

Ауданның білім бөлімі

(Е.Рысбек)

Шет орта мектебінің төбесін ашып, жабу және ішкі ағымдағы жөндеу жұмыстарына 10 млн. теңге аудандық бюджеттен қаралып, толығымен игерілді. Мектепті жөндеу белгіленген кестеге сәйкес мерзімінде аяқталды.      

  1.  

Е.Кенжебаев - зейнеткер, Ақсу - Аюлы ауылының тұрғыны

Осы жылы аудан орталығы Ақсу - Аюлыдағы қысқа көшелерді асфальттауға қаржы бөлінеді ме? Себебі, кейінгі жылдары бұл қысқа көшелер ойдым - ойдым болып кетті.

 

Жолды орташа жөндеуден өткізуге қажетті қаржы көлемін бөлуге ұсыныс берілсін.  

10.09.2016 дейін

 

Ақсу - Аюлы ауылдық округінің әкімі

(Б.Арыстанбеков)

 

 

 

  1.  

А.Ибраев - зейнеткер, аудандық кәсіподақ басшысы

Ақсу-Аюлыдағы ең бірінші көзге түсетін Шортанбай жырау көшесінің екінші жағына тротуар төселмеген,   қоршаулары ескірген. Қашан осы көшенің екі жағына кейінгі талаптарға сәйкестендіріп, көшенің реңін келтіретіндей етіп қоршау орнатасыздар.

 

Қоршаулар орнатуға жобалау сметалық құжаттар әзірленсін. қажетті қаржы көлемі анықталсын.    

01.07.2016 дейін

 

Ақсу - Аюлы ауылдық округінің әкімі

(Б.Арыстанбеков)

 

 

Жобалау сметалық құжаттары әзірленіп, облыстық бюджетке сұраным әзірленуде.  

  1.  

А.Секербекова - мектеп директоры,   Красная поляна ауылының тұрғыны

Біздің Красная поляна орта мектебіндегі жылу қазандығы ескірген және мектеп ішінде инфрақұрылым жайластырылмаған. Осы мәселені шешіп берсеңіз? Мектепке жөндеу жұмыстары жүргізілсе.

 

"Жұмыспен қамту 2020" бағдарламасы бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық басқармаға сұраныс жолдансын.  

20.08.2016 дейін

 

Ауданның білім бөлімі

(Е.Рысбек)

"Жұмыспен қамту 2020" бағдарламасы бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 49 млн. теңге қаржы бөлініп, мемлекетік сатып алу процедураларына сәйкес 30 млн. теңгеге тиісті жұмыстар атқарылды. Мектептің жылу жүйесі ауыстырылды, ішінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.      


Hits: 6341


Above