print

Analysis of letters and appeals

Шет ауданы әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер және блогқа түскен хаттар туралы ақпарат

 

Шет ауданы әкімі аппаратына 2012 жылы жеке және заңды тұлғалардан барлығы 575 жазбаша өтініштер түсіп тіркелсе, 2011 жылдың осы кезеңінде 637 өтініш тіркеліп, 90 пайызға  азайды.

Атап айтқанда: - 2012 жылы материалдық көмек көрсету жөнінде 44 өтініш тіркелсе, 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда осы мәселе бойынша 85 өтініш тіркелген, яғни 51 пайызға азайды.

- Коммуналдық шаруашылықтары жөнінде 32 өтініш тіркелсе, 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 45, немесе 71 пайызға азайды.

- Тұрғын үй мәселесі бойынша 2012 жылы 91 өтініш тіркелсе, 2011 жылы 117 өтініш тіркеліп , 77 пайызға азайған.

- 2012 жылы ауыл шаруашылығы мәселелері жөнінде 5 өтініш тіркелсе, 2011 жылы осы мәселе бойынша 12 өтініш тіркеліп, 41 пайызға азайды.

Ал, шаруа қожалықтары тарапынан жер және жерге байланысты құжаттарды рәсімдеу мәселелері жөнінде 2011 жылы 178 өтініш тіркелсе, 2012 жылы 204 өтініш тіркеліп, 4 пайызға артты.

Аудан әкімінің жеке қабылдауында 2011 жылы 264 адам болса, 2012 жылы 295 адам болды, яғни 89 пайызға артық.

Жалпы түскен өтініштердің 10 пайыздан астамы толық және ішінара қанағаттандырылды. Басқа өтініштерге заңдылықтарға сәйкес, мерзімінде тиісті жауаптары берілді.

Шет ауданы әкімінің аппаратында 2012 жылы блогқа түскен 24 хаттіркеліп,қаралды. Олардың 4-уі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің блогына, 19-ы Қарағанды облысы әкімінің блогына және 1-уі аудан әкімінің сайтына түскен. Барлық хаттарға уақытылы жауаптары беріліп, түсініктемелер жүргізілді.

Сонымен қатар, Шет ауданының әкімі Р.Әбдікеровтың бастамасымен 2012 жылы аудан көлеміндегі ірі елді мекендерде (Ақадыр, Ақжал, С.Сейфуллин, Ақшатау кенттері) «Ашық ескі күндері» өткізілді. «Ашық есік күнінің» мақсаты жергілікті жерлердегі тұрғындармен кездесіп, пікірлерін тыңдап, мәселелерін қарау болатын. Аудан әкімінің қабылдауында 123 адам болды. Қабылдауға келушілердің басым бөлігі тұрғын үймен қамтамасыз етуді, бір жолғы материалдық көмек көрсетуді және тұрақты жұмысқа орналастыруды сұраушылар. Сонымен қатар елді мекеннің әлеуметтік жағдайының жақсарып келе жатқанын айтып, одан әрі көркеюіне тілеулес екенін білдірушілер де болды.  Тұрғындардың көтерген мәселелерінің оң шешімін тауып, мерзімінде орындалысын қадағалау мақсатында іс шаралар жоспары дайындалды. Аудан әкімінің төрағалығымен іс шарадағы мәселе бойынша жауапты орындаушы мекеме басшыларымен отырыстар өткізілді. Тұрғындардан «Ашық есік күндері» түскен өтініштердің 18-і оң шешімін тауып, қанағаттандырылды.

  

Аудан әкімі аппаратының

Кеңсе бөлімінің меңгерушісі                                    К.Мықыш 


Hits: 7415


Above